Отандық вакцинаның 50 мың дозасы қашан жеткізіледі?

Қордай ауданында орналасқан Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында қазақстандық QazCovid-in вакцинасы әзірленіп жатыр.

Алматы, NEGE. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтқандай, коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы 25 сәуір жеткізіледі.