Отандық телехикаяға кастинг жарияланды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай

түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялайды.

Кастингке арнайы актерлік қабілеті бар, 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер мен 15 пен 50 жас аралығындағы кескін-келбеті келіскен, атқа міне алатын ер-азаматтар қатыса алады.

Бұған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінім қабылданған болатын. Телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша түсірілім жұмыстарына әзірлік бастады.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты 15 ақпанға дейін casting.abai@kaztrk.kz поштасына жолдай алады.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды