Отандық спортшылар UFC-дегі жекпе-жек алдында қарсыластарымен көз арбасты
Қазақстандық файтерлер Сергей Морозов пен Дамир Исмағұлов қарсыластарымен көз арбасты, - деп хабарлады Tengrinews.kz.
Алматы, NEGE. Ертең, 18 желтоқсанда олар Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Fight Night 216 турниріне қатысады.
Морозовтың қарсыласы америкалық Джорни Ньюсон болмақ. Олардың кездесуі турнир кардын ашады.
Исмағұлов ресейлік Арман Царукянмен күш сынасады. Бұл турнирдің негізгі жекпе-жектерінің бірі болады.