Отандық каскадерлер «Наполеон» тарихи фильміне түсті

Үш күн бұрын аты аңызға айналған режиссер Ридли Скоттың «Наполеон» фильмі прокатқа шықты.

Аталған фильмді түсіруге қазақстандық Nomad Stunts каскадерлері де атсалысқан. Бұл жайлы ұйым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE. «Қоржынымызды толықтыратын тағы бір жоба!» деп сүйінші сұрады каскадерлер. 

Nomad Stunts жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Күнғожиновтың айтуынша, оларды бұл жобаға трюк қоюшы Ник Пауэл ұсынған. Ол қазақстандық жігіттермен Үндістандағы фильм түсірілімінде бірге жұмыс істеген еді. 

Бұл жобада каскадерлердің бірі Мұрат Елкенов актер ретінде де өнер көрсетті. Оның рөлін Ридли Скоттың өзі белгілеп берген. 

Қазақстандықтар фильмде казактардың рөлінде бой көрсеткен.  

«Наполеон» — режиссер және продюсер Ридли Скоттың Дэвид Скарпа сценариі желісімен түсірілген эпикалық тарихи фильмі. Наполеон Бонапарттың билікке келуі және әйелі Джозефинамен арақатынасы жайында баяндайды.

Еске сала кетейік, «Nomad Stunts» каскадерлері «Disney» түсірген «Мулан», Netflix-тің «Томирис», «Марко Поло», «Корольге хат», «Әмір Темір», Киану Ривз басты рөлде ойнаған «47 ронин», «Неудержимые 2», «Рэкетир 2», «Анаға жол», «Шал» сынды фильмдерге қатысқан.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?