11 февраля 2020 г. 20:19

Отандық фильм азиялық «Оскарға» ие болды

Фото:

Жуырда режиссер Әділхан Ержановтың қоғамдағы өзекті мәселені қозғаған  «Қап-қара адам / Черный, черный человек» атты кинокартинасы үлкен экранға шықты. Испанияда тұсауы кесілген туынды, міне араға аз уақыт салып Аустралия, Түркия, Швейцария, Голландия, Норвегия және Корея мемлекеттері арасында азиялық «Оскарға» ие болып отыр.

Отандық өнім әлемдік киноиндустрияны бағындырып, еуропалық көрерменнің  көңілінен шыққан секілді.

«Басқа мемлекетке барғанда бізді жақсы қабылдады. Салт-дәстүрі, ұстанымдары басқа болғанымен, фильмге қызығушылық танытқандар  көп болды», - деген режиссер Әділхан Ержанов актерлерге ауқымды іріктеу ұйымдастырмай, оларды ғаламтор  арқылы таңдап алғанын айтады.

Фильмде Ариана есімді басты кейіпкердің рөлін Динара Бақтыбаева сомдады​. Осымен екінші рет Әділхан Ержановтың туындысына түскен Динараға бекітілген  рөлі ұнамаған.«Дайындық кезінде режиссермен бір келісімге келдік. Өйткені, Ариананың мінезі фильмдегідей болған жоқ. Басында оның мінезі ер мінезді ару болатын. Бірақ, фильмде өте нәзік қыз болып шықты»,-дейді.

Қоғамдағы өзекті мәселені көтеріп, детективті жанрда таспаланған туындының қазақ көрермендері арасында қандай баға алатыны уақыт еншісінде.

Тегтер: