Отандық боксшылар халықаралық турнирде 10 алтын медаль жеңіп алды

Алматы қаласында өткен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар он алтын медаль жеңіп алды

, деп жазды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Қырғызстаннан 177 боксшы келді. Барлығы 13 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Соның ішінен қазақстандық боксшылар он алтын медаль алды:

Даниял Сәбит (51 келі);

Дамир Әбдіқадір (54 келі);

Оразбек Асылкұлов (57 келі);

Бейбарыс Жексен (60 келі);

Сұлтан Мусинов (63,5 келі);

Ділмұрат Мижитов (67 келі);

Дархан Дүйсебай (71 келі);

Аятулла Тәкіжанов (75 келі);

Ерасыл Жақпеков (80 келі);

Шаймұрат Құсайынов (86 келі).

Бұдан бөлек, Қытай боксшылары - Ашан Резибек (92 келі) пен Абудурешити Ремула ( 92 келі) топ жарса, қырғыз боксшысы Жениш Улпатов (48 келі) алтын алды.