Отандық спортшы Канвон олимпиадасынан алтын алды

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды.

Туризм және спорт министрлігі

Алматы, NEGE. Жасөспірімдер арасында тарихта алғаш рет алтын медаль алған қазақ елін туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

«Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыға жұғысты болсын! Құтты болсын!», деді министр.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін