Отандасымыз жеңілмеген ресейлікпен айқасады

Бүгін қазақстандық боксшы Александр Журавский (13-6-1, 11 КО) кезекті жекпе-жегін кәсіби рингте өткізеді.

Алматы, NEGE. Отандық спортшы Минскіде (Беларусь) KOld Wars сериясындағы турнирде өнер көрсетеді.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте оның қарсыласы еш жеңіліп көрмеген ресейлік Артем Оганесян (11-0, 9 КО) болмақ.

Кездесу он раундқа есептелген. Александр Журавский мұның алдындағы жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында Оңтүстік Африкада өткізген болатын. Онда судьялардың бірауыздан шешімімен жергілікті боксшы Рорк Кнапптан жеңіліп қалған еді (10-1-1, 8 КО).

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 2016 жылы Алматыда тайлық Комсан Полсанды (40-12-1, 26 КО) жеңген.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?