Отандасымыз Түркия сахнасын бағындырмақ

Қазақстандық өнер өкілдері шет ел асып, кеңінен танымалдылыққа ие болды. Жанар Дұғалова «Turkvision» байқауында бас жүлдені қанжығасына байласа, Димаш Құдайберген қазақ елін әлемге танытты, ал  Назима Жәнібекова  болса Ресейдегі «Песни» жобасы арқылы бағы жанды. Енді «Rin’Go» тобының мүшесі Әділжан Умаров өнерімен Түркия елінің сахнасын бағындырмақ.

Алматы, NEGE. Жуырда Әділжан Умаров халықаралық байқауға қатысып, «Түркия дауысы» жобасына жолдама алды. Енді өнер иесі қазақ елінің намысын қорғамақ. Жеке шығармашылығын қолға алған «Rin’Go» тобының мүшесі аты аталған байқаудың екінші кезеңінен сүрінбей өткенін ресми түрде мәлімдеді. 

Түркияда жыл сайын өтетін жобаға әділ бағасын беріп, қатысушыларға қазылық ететіндер тізімінде танымал түрік орындаушысы Мұрат Боз да бар. Әділжанның вокалдық қабілетіне тәнті болған ол, байқаудың «көрмей тыңдау» кезеңінде оң қабақ танытқан. Отандасымызға екі тәлімгер бұрылып, жоғары бағасын берді. Бұл жобада Әділжан Мұрат Бозды тәлімгер ретінде таңдады. Rin’Go тобының мүшесі «Түркия дауысы» байқауына қатысты тың ақпараттарды әлеуметтік желіде хабарлайтынын жеткізді. Ендеше, Отандасымызға жеңіс тілейміз!

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты