«Otan Life» жобасы басталды

Атырауда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «OTAN Life» жобасы басталды.

Алматы, NEGE. Облыстық білім басқармасы қосымша білім беру, тәрбие жұмысы, өзін-өзі тану және бала құқығын қорғау бөлімінің басшысы Алмагүл Қайырлиеваның айтуынша, «OTANLife» — биыл Атырау облысының білім беру ұйымдарында іске асатын жобалардың негізгісі.

«Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді құрметтеу сезімдерін қалыптастыру. Жобаға барлық мектептің оқушылары мен колледждер студенттері, педагогтар және ата-аналар қатыса алады.

Жоба толыққанды іске асу үшін жауапты комиссия құрамы жасақталады. Комиссия құрамына жоба жетекшісі, ата-аналардың қоғамдық кеңесі, Аналар мектебі, Әкелер қоғамдық кеңесі, ұлдар, қыздар ұйымы, «Адал ұрпақ», әскери-патриоттық, еріктілер клубтары, «Жас Ұлан» ББЖҰ, «Мектеп инспекторының жас көмекшілері» секілді мүдделі ұйымдар мен тұлғалар кіреді», - дейді Алмагүл Қайырлиева.

Оның айтуына қарағанда, аталмыш жобада онлайн-дәрістер, сынып сағаттары, дебаттар, кітаптар бейнеблогы, мұражайларға саяхат, жас ғалымдармен кездесу, сурет шеберханасы, жас айтыскер сайысы, ерекше білімге қажеттілігі бар балалар арналған, әскери-патриоттық клубтар арасында сайыстар, оқушылар арасында эссе конкурсы және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды