Өскеменге Қытайдан 14 тонна медициналық бұйым жеткізілді

Өскеменге Қытайдан арнайы бортпен 14 тонна медициналық бұйым жеткізілді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Бүгін сағат 18.20-да медицина бұйымдары тиелген 14 тонна жүк Қытайдан Өскемен әуежайына жеткізді. Атап айтқанда, 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныш костюмдері, 80 мың респиратор, 10 мың данадан COVID-19 қарсы медициналық қорғаныс маскалары, экрандары мен көзілдіріктері», - делінген хабарда.
ШҚО әкімі баспасөз қызметінен хабарлағандай, осылайша, облыстың барлық инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарларының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіледі. 
«Экспресс-тестілеуден алдымен КВИ-мен күресте алдыңғы шепте жүрген адамдар өтеді. Олар медицина қызметкерлері, құқық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері», - делінген хабарда.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов хабарлағандай, медициналық тауарлар мен арнайы құралдарды сатып алу және тасымалдау "Парыз" қоғамдық қоры есебінен қаржыландырылды.
«Тауарларды қысқа мерзім ішінде сатып алу қытайлық серіктес – Синьцзяндық "Сан Бао" сауда-өнеркәсіптік корпорациясы ЖШС арқасында мүмкін болды. Айта кетейік, компания ШҚО тұрғындары үшін өз есебінен 10 млн.теңгеден астам сомаға қосымша Alena-310 маркалы 2200 қорғаныш маскасын, сондай-ақ 200 мың дана қан алу үшін бір реттік инелер мен градуирленген пипеткаларды жіберді. "Сан Бао" корпорациясының басшылығы Қазақстан халқына мықты денсаулық және тезарада пандемияны жеңуін тіледі», - деді әкімнің баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, облыстың қалалары мен аудандарына әрі қарай бөлу үшін медициналық бұйымдар Жұмылдыру дайындығы басқармасының қоймасына жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: қазақстандық жұмысшылармен болған жағдай реттелді

Басынан оқ жарақатын алған: Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды