Өскеменде жаңартылған әуежай қайта ашылды

Өскемен қаласында ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүргізілген әуежай қайта ашылды.

Алматы, NEGE. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, соңғы 5 ай бойы жабық тұрған Өскемен әуежайы 1 қазанда өз жұмысын бастады. Таңертеңнен әуежайдан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына ұшақтар ұшты.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ жолақты ұзарту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілген.

«Мердігерлер ұшу-қону жолағындағы асфальтбетон жамылғысын толығымен ауыстырып, оны біршама ұлғайтты. Енді ұзындығы 2800 метр, ені 60 метрді құрайды. Мұндай параметрлер әуежайға ірі халықаралық рейстерді қабылдауға мүмкіндік береді. Ұшу-қону жолағын жарықтандыратын жабдықтардың жаңа заманауи жүйесінің орнатылуы да аса маңызды болып отыр», - деді «Өскемен әуежайы» АҚ президенті Николай Короленко.

Оның айтуынша, әуе айлағында мұндай ауқымды жұмыстар соңғы рет 1996 жылы жүргізілген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады