Өскеменде 'тапаншамен' қаруланған ер адам жанармай құю бекетін тонап кетті

Күдікті жүзін 'Кальмар ойынындағы' бетпердемен жасырған, деп жазды inbusiness.kz.

Өскемен, NEGE.  30 мамыр Өскемендегі полиция бөлімшесіне осы жайт бойынша арыз келіп түсті.

"Белгісіз ер адам әйгілі "Кальмар ойыны" сериалындағы бетпердені тағып, Грейдерная көшесіндегі жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассацияда тұрған 2 млн теңгені ұрлап кеткен", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінде.

Күдікті екі сағата ұсталды. Ол 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.