Өскеменде мұз айдындары ашылады
Өскемен қаласында 6 мұз айдыны ашылады.
Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, мұз айдындары жылдағы дәстүр бойынша «Алтай» және «Титан» стадиондарында, Сол жағалау және Самал саябақтарында, Коменданткада мен Комсомол аралында ашылады. Олар жалға беру пункттерімен жабдықталған.
«Мұз айдындары келушілерді мереке күндері қабылдай бастайды. Айдындардың ресми ашылуы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Сондай-ақ 26 мектептің аумағында мұз айдыны құйылады», - делінген ақпаратта.