Өскеменде көпқабатты үйден 10 адам құтқарылды
Өскемен қаласында көп қабатты үйлердің бірінен өрт шықты..
Алматы, NEGE. Өскемен қаласында өртенген көпқабатты үйден 10 адам құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 8 қазанда түнгі сағат 01.22-де Сәтбаев көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйде шыққан.
- Төртінші қабаттағы пәтерде жиһаз, терезе блогы мен линолеум жанды. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер 10 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін тұмшалаған подъезден 12 тұрғынды эвакуациялады. Көп ұзамай жалпы ауданы 8 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қызыл жалынның шығуына - отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.