Өскеменде аллея ашылды

Өскемен қаласында жаңа демалыс орны пайда болмақ.

Алматы, NEGE. Бұл жайлы қала басшысы Жақсылық Омар Instagram-дағы парақшасында жазды.

«19-шы шағын ауданда жаңа аллея салынуда. Демалыс орнының ұзындығы бір шақырымнан асады. Бүгінде аллеяның жартысы толықтай қолдануға берілді, ал қалған бөлігінде абаттандыру жалғасуда. Бұл жер тұрғындардың сүйікті орнына айналатындығы сөзсіз», – деді ол.

Қала әкімінің мәліметінше, аллея аумағында 350-ден астам көшет отырғызылған.

Сондай-ақ орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылып, жарықтандыру жүргізілді.