Өскеменде 14 жастағы қыз жоғалып кетті

Өскемен қаласында 14 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жәнерке Қанапиянова осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен. Үйден дүкенге шығып кеткен жасөспірім сол күйі қайтып оралмады.

«8 тамызда полицияға қоңырау шалған әйел адам 14 жастағы қызының із-түссіз жоғалғанын хабарлады. Әл-Фараби даңғылы 26/1 мекенжайынан сыртқа шығып кеткен жасөспірімнің қайда екендігі әлі күнге дейін белгісіз. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жәнеркенің үстінде ақ жейде, қара шалбар және қызыл кроссовка болған. Оны көрген немесе қайда екендігі жайлы қандай да бір мәліметі бар азаматтар 8(777)169-64-66 нөміріне немесе «102» жедел арнасына қоңырау шалуларына болады.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты