Өскеменде «100 күнде 10 000 шұңқыр» акциясы іске қосылды

Өскемен қаласында «100 күнде 10 000 шұңқыр» акциясы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Кептеліссіз қала» бағдарламасы аясында «100 күнде 10 000 шұңқыр» акциясы іске қосылды. Тұрғындар жолдардағы шұңқырларды фотоға түсіріп, әкімдікке жібере алады.

Халыққа барынша ыңғайлы болу үшін @Oskemen_bot телеграмм чат-боты ашылған. Өскемендіктер телефонмен жолдағы шұңқырды фотоға түсіріп, осында жіберген соң бірден мердігерлер сол жолды қалыпқа келтіреді.

«Мұндай акциялар белсенді азаматтық қоғамды қалыптастырады. Осылайша, халық бюджет қаражатының қайда жұмсалатынын өздері шешеді. Алдағы уақытта жұмысымызды жақсарту үшін цифрлық технологияларды пайдалануды арттыруды көздеп отырмыз», – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады