Өскеменде жеті жасар бала жоғалып кетті

Өскеменде жеті жасар бала жоғалып кетті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол 23 шілдеде серуендеуге шығып, үйіне қайтып оралмаған.

osa_news_vko

Алматы, NEGE. Өскеменде Богдан есімді 7 жасар бала жоғалып кетті. Instagram желісіндегі osa_news_vko парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, оны соңғы рет 23 шілдеде "Самал" қалалық саябағында көрген.

ШҚО полиция департаменті мәліметінше, бала таңертең серуенге шығып, қайтып келмеген. Бала серуенге кеткенде үстінде қызыл футболка, көк шолақ шалбар, қара аяқ киімде болған, деп хабарлайды YK-news.kz басылымы.

Құтқарушылар мен полиция өкілдері бүлдіршінді іздеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады