Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Әлеуметтік желіде зауыт аумағында болған жарылыстың видеосы тарады.

Видеодан скриншот

Астана, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, оның соңы өрт пен нысанның ішінара опырылуына ұласқан.

«Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеуде, зардап шеккендердің бар-жоғына барлау жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.