Өскеменде ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 5 адамды эвакуациялады

Өскеменде Назарбаев даңғылында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. "Өскеменде Назарбаев даңғылында 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтерде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, жеке заттар жанды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден құтқару капюшондарының көмегімен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады және өртті тез арада сөндірді, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты