Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды

Қаладағы жер үйлердің бірі өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылды.

ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды.

«Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында», - делінген ақпаратта.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұмдардың бастарында кесілген жарақаттар табылған.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады