Өскеменде мас жүргізуші гүлзарға кіріп кеткен

18 тамызда кешке 30 жастағы шығысқазақстандық көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға кіріп кеткен.

Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр