Өскеменде мас күйде көлік жүргізген прокурор қызметінен босатылды

Өскемен қаласында прокурор көлікпен жарық бағанасына соғылып, полицейлерден қашып құтылмақ болғаны үшін жұмыстан шығарылды. 

Прокуратура

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, прокурор В. Б. Пан көлік тізгініне мас күйде отырған. Осыған қатысты іс Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды.

Сот шешімімен қадағалау органының қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзу жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

— Құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Өскемен қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жұмыстан шығарылып, «1-сыныпты заңгер» сыныптық шенінен айырылды, — деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды