Өскеменде қалалық білім бөлімінің басшысы сотталды

Өскемен қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан шектелді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сот ісі қалалық №2 сотта қаралды. Белгілі болғандай, Э. есімді әйел өзінің танысы Б.-ға Өскемен қалалық білім бөліміне аудармашы ретінде жұмысқа орналасуды ұсынған. Оған нақты жұмыс істемей-ақ ай сайын жалақы алып отыратындығын жеткізген.

Айыпталушы бұл әрекетін жүзеге асыру үшін білім бөлімінің басшысы С.-ға жүгініп, одан танысын жұмысқа орналастыруға көмектесуін сұраған. Бөлім басшысы келісім берген. Осының салдарынан Өскемен қалалық білім бөліміне 1 394 458 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Сот отырысында айыпталушылар өз кінәларын мойындамады. Алайда сот Э.-ны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал білім бөлімнің бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектелді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?