Өскеменде қала прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді

Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чакпантаев уақытша қызметінен шеттетілді.

Прокуратура

Алматы, NEGE. Ол қарамағындағы қызметкерлерді ұру дерегі бойынша күдікке ілініп отыр. 

Полиция жағдайға түсініктеме бермесе де, облыстық прокуратура «Қазинформға» іс қозғалғанын растады. Қай бап бойынша қозғалғаны және прокурордың процессуалдық мәртебесі әзірге белгісіз.

Қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Ведомствоның айтуынша, бұған дейін де осындай жағдай бойынша қала прокуратурасының басқа қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізілген. Фактілердің бір бөлігі расталып, олар қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды