Өскеменде әйел адам көлігімен бес қабатты ғимаратқа соғылды

Өскеменде әйел адам рөлге ие бола алмай, көлігімен бес қабатты ғимаратқа соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

©inbusiness.kz

Алматы, NEGE. ШҚО ПД баспасөз қызметі 2025 жылдың 5 қыркүйегінде Өскеменде Өтепов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында Subaru Forester маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ғимаратқа соғылғанын хабарлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік бір бүйіріне жантая аударылған.

"Жүргізуші тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады полиция қызметкерлері.

Полицейлер жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, көлікті басқару кезінде мұқият болуға, сондай-ақ жол мен ауа райына сәйкес жылдамдықты таңдауға шақырады. Көлік қозғалысы шектеулі және жаяу жүргіншілердің кенеттен пайда болуы мүмкін тұрғын үйлердің аулаларында сақ болу өте маңызды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?