Өскемен тұрғынынан ақша бопсалағандар ұсталды

Өскемен қаласы тұрғынының көлігін тартып алып, ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

.

Өскемен, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары шаһар тұрғынынан ірі көлемде ақша талап етіп, бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді. «20-25 жас аралығындағы бір топ адам жәбірленушінің автокөлігін тартып алып, оны қайтару үшін қомақты қаражат сұраған. Аталған факті бойынша жылдам әрекет еткен полиция қызметкерлері күдіктілерді ақша алу барысында ұстады. Олардан жәбірленушінің травматикалық қаруы мен автокөлігі тәркіленді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. Ұсталған ер адамдар сақшыларға бағынбай, үйлердің аулаларында жасырынуға тырысқан. Олардың бірі тапаншамен қаруланған екен. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ