8 декабря 2022 г. 14:19
Өскемен тұрғыны өз көлігімен есірткі заты бар жолаушыны алып жүрген
Тәртіп сақшылары көлік құралын басқарған облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын тоқтатқан. Автокөлікте 19 жастағы бойжеткен болған.
Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары көлік құралын басқарған облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын тоқтатқан. Автокөлікте 19 жастағы бойжеткен болған.
Жас қыздың интернет-дүкеннің курьері болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Полицейлер одан спецификалық иісі бар ақ түсті зат салынған 45 ораманы тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 35,6 грамм болатын "альфа-pvp" психотроптық заты болып шықты.
Бойжеткен кінәсін мойындады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.