Өскемен:170 мың адам вакцина салдырды
Өскемен қаласында 170 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметінше, күн сайын COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандар саны артып келеді.
Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары үшін «Спутник V», «Vero Cell» және отандық «QazVac» вакциналары қолжетімді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қала бойынша 170 393 адам вакцина салдырған.
«Азаматтар арасында екпе алғандар санын арттыру үшін бірқатар шара ұйымдастырылуда. Оның ішінде түрлі жеңілдіктер мен ұтыс ойындары да бар. Вакцинаны медициналық мекемелерде, кейбір сауда орталықтарында және жылжымалы екпе пункттерінде алуға болады», – делінген ақпаратта.