«Өскемен саяжайларын маньяк торуылдап жүр»

Өскемен қаласындағы саяжайларды маньяк торуылдап жүргендігі жайлы жалған ақпарат тарап жатыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде қала саяжайларын маньяк торуылдап жүргендігі жайлы ақпарат тарап кетті. Онда «Соңғы күндері бірнеше адамның денесі табылды. Олардың барлығы – әйелдер» деп жазылған.

Мұндай ақпараттың тарап кетуіне Өскемендегі саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылғандығы себеп болып отыр.

«Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Халыққа бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты