Өскемен қаласының жаңа әкімі Аяз атаға хат жазды

Ал өзі үшін Аяз атадан денсаулық, шыдамдылық, мықты жүйке мен күш сұрады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Аяз ата резиденциясына барып, оған хат жазды, деп хабарлайды YK-news. 

Сонымен, қала әкімі Аяз атаға жазған хатында қала үшін желді күндердің көп болуын, су тасқынысыз көктемді, жемісті жыл мен жақсы жолдардың болуын тілеген. Ал өзі үшін Аяз атадан денсаулық, шыдамдылық, мықты жүйке мен күш сұрады.

Дегенмен әкім хатын жәшікке салмай кетті. Айтуынша, алға қойған мақсаттарға еш сиқырсыз жету керек.

Еске сала кетсек, Алмат Ақышов желтоқсан айының басында ғана Өскемендегі даудан кейін жаңа әкім болып тағайындалған еді.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті