Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай кезеңінде «Казцинк» кәсіпорнынан шығарылған зиянды заттардың мөлшері белгіленген шектен 3,5 есеге дейін асып кеткен.

Видеодан кадр/instagram.com/shqoecodep

Астана, NEGE. ШҚО бойынша экология департаменті «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінің Өскемен металлургиялық алаңына жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысын жариялады. 

Қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдай кезеңінде жүргізілген тексеру кезінде кәсіпорындағы зиянды шығарындылардың көрсеткіші белгіленген шектен асып кеткені анықталды. Атап айтқанда, күкірт диоксиді – 3,5 есе, көміртек тотығы – 2 есе, азот оксиді – 1,5 есе көп шығарылған.

«Анықталған деректер шаң-газ ұстау жабдықтарының толық тиімді жұмыс істемейтінін және шығатын түтін газдарын жобалық деңгейде тазартуды қамтамасыз етпейтінін көрсетеді.

Сонымен қатар қолайсыз метеорологиялық жағдай күндері эмиссияларды төмендету талаптарының сақталмағаны анықталды, бұл экологиялық рұқсат шарттарының бұзылуы болып саналады», – деп хабарлады экологтар.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға шамамен 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді.

Қазір оқып жатыр

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?