«Оскар» кімге бұйырады?

Жақында Американдық өнер және ғылым  академиясының әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Оскар» жүлдесінің   жеңімпаздары жайлы тізім шықты

Ғаламтор арқылы алдын ала жарияланған ақпарат  көп ұзамай өшірілді. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл ресми парақшада ақау пайда болғанын жазды. Ал ұйымдастырушылар болса  ақпаратты жоққа шығарды.

«Біз жанкүйерлерді алдағы болатын «Оскар» жүлдесіне қатысты өз болжамдарын білдіруге шақырдық. Желі қолданушыларының көп бөлігі өз пікірлерін айтып, таңдауларын жасады. Біздің әлеуметтік желіде кішігірім кідіріс болып қалғандықтан, көбісі  дұрыс түсінбей қалған сияқты. Енді олқылық түзетілді. Нағыз жеңімпаздардың есімі жексенбі күні белгілі болады»,- деп ақталды.  «Оскар» жүлдесінің кімге бұйырары алдағы уақытта белгілі болмақ.

Айта кетейік, «Оскар» әділқазылар алқасының шешімімен емес, Академия мүшелерінің жалпы дауыс беруінің нәтижесі бойынша табысталады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?