Оскар–2026: марапат иегерлері анықталды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 98-ші «Оскар» сыйлығын марапаттау рәсімі өтті.
Астана, NEGE. Пол Томас Андерсоннің One Battle After Another фильмі Оскар сыйлығының абсолютті триумфаторы атанды. Картина бірден бірнеше негізгі марапатқа ие болды.
Сонымен биылғы «Оскар» сыйлығының иегерлері:
- Басты рөлдегі үздік ер адам рөлі – Майкл Б. Джордан (Sinners).
- Басты рөлдегі үздік әйел рөлі – Джесси Бакли (Hamnet).
- Екінші пландағы үздік ер адам рөлі – Шон Пенн (One Battle After Another).
- Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Эми Мадиган (Weapons).
- Үздік фильм – One Battle After Another фильмі.
- Үздік шетел фильмі – Sentimental Value.
- Үздік толықметражды деректі фильм – «Мистер Никто против Путина».
- Үздік қысқаметражды деректі фильм – All the empty rooms.
- Үздік толықметражды анимациялық фильм – KPop Demon Hunters.
- Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – The Girl Who Cried Pearls.
- Үздік қысқаметражды көркем фильм – бірден екі картинаға берілді: The singers және Deux personnes échangeant de la salive.
- Үздік режиссер – Пол Томас Андерсон (One Battle After Another).
- Үздік оператор – Отем Дюральд Аркапоу (Sinners).
- Үздік түпнұсқа сценарий – Sinners.
- Үздік бейімделген сценарий – One Battle After Another.
- Үздік қоюшы-суретшінің жұмысы – Frankenstein.
- Үздік костюм дизайны – Кейт Хоули (Frankenstein).
- Үздік грим және шаш үлгісі – Frankenstein.
- Үздік визуалды эффектілер – Аватар: От пен күл.
- Үздік монтаж – Энди Юргенсен (One Battle After Another).
- Үздік дыбыс – F1.
- Үздік түпнұсқа саундтрек – Людвиг Йоранссон (Sinners).
- Үздік ән – Golden (KPop Demon Hunters).
Биыл жаңадан «Үздік кастинг» аталымы бойынша сыйлық тағайындалды. Бұл аталымда «Оскарды» One Battle After Another фильмі мен осы фильмнің кастинг-директоры Кассандра Кулукундис алды.