Оскар-2020: Бақ пен бап қатар келсе...
Кинематография майталмандарының бір жылдық еңбегі қорытындыланды. Долби кинотеатрына әлемнің таңдаулы актерлары жиналып, америкалық киноакадемияның жыл сайынғы марапаттау рәсіміне қатысты.
Алматы, NEGE. Оскар жүлдесі ғасырға жуық уақыттан бері кинематография саласына жан бітіріп, өнердің дамуына үлес қосып келеді. Жыл сайын осы марапат үшін бәсеке болады. Бақ пен бап қатар келгенде жүлде бұйырады, әйтпесе... Сонымен 2020 жыл көп ішінен сұрыпталып, үздік деген тоғыз фильм финалдық кезеңде бақ сынады.
Жұртшылық «Джокер» мен «Ford Ferrari-ге қарсы» туындысы осы жылдың үздігі болуға лайық деп алдын-ала айтып жатты. Одан өзге «Ирландық», «1917», «Кішкентай әйелдер» сынды фильмдер болды. Бірақ, «Паразиттер» осы жылдың ең үздік фильмі деп аталды.
Режиссер Пон Джун Хо түсірген бұл туындының арқасында Оңтүстік Корея алғаш рет және төрт бірдей «Оскар» жүлдесін алды. Алғашқысы «жылдың үздік фильмі», одан кейінгілері «үздік режиссерлық жұмыс», «үздік сценарий» және «шет тіліндегі үздік фильм».
Киноны түсіріп, пракатқа әзірлеу үшін 11,5 млн АҚШ доллары жұмсалған. Оскар алғанға дейін де өзін ақтап, 10 еседен көп табыс әкелді. Оқиға желісі тіршілік үшін күреске түскен бірнеше тағдырға негізделген. Сценарий ерекшелігі қалыптасқан, дәстүрлі шешімдерден аулақ. Ойламаған жерден түрлі бұрылыстарға барады.
Екінші пландағы үздік актер – Бред Питт
Екінші пландағы үздік актриса – Лора Дерн
Толықметражды үздік анимациялық фильм – Ойыншықтар оқиғасы 4
Үздік операторлық жұмыс – «1917»