17 октября 2022 г. 12:21
ОСК Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді
Ол «Ауыл» ХДПП ұсынған кандитат.
Алматы, NEGE. Кандидатты қолдау үшін 125 081 азаматтың қолы жиналып, 122 246-сы тексерілді, оның 119 975 қолы талапқа сай деп танылды.
Дайрабаев президенттікке ресми түрде тіркелген үшінші үміткер. Бұған дейін ОСК Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мейрам Қажыкенді тіркеген болатын.