20 октября 2022 г. 15:18

ОСК Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді

Фото:

Орталық сайлау комиссиясы "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекованы кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеді.

Алматы, NEGE. ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов атап өткендей, Салтанат Тұрсынбекова ұсынған құжаттардың барлығы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.

- Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, Қазақстан президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген тұлғалар еліміздің 18 өңірінде 119 316 азаматтың қолын жинады. Барлығы тексерілді, оның 118 434-і сенімді деп танылды. Яғни, бұл тіркелген сайлаушылар санының 1%-на тең, - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов. 

Тегтер: