ОСК Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

ОСК кезектен тыс президенттік сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады.

Алматы, NEGE. Сайлауға сайлаушылардың 69,44%-ы (8 300 046 адам) қатысты. 

Осылайша ОСК төрағасының айтуынша, Қ.Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген. Екінші орында 460 484 немесе 5,8% дауыспен «бәріне қарсымын» бағаны тұр.

ОСК нәтижесі бойынша:

Қарақат Әбден - 2,06 пайыз дауыс (206 206);
Нұрлан Әуесбаев - 2,22 пайыз дауыс (176 116 адам);
Жигули Дайрабаев - 3,42 пайыз дауыс (271 641 адам);
Мейрам Қажыкен - 2,53 пайыз дауыс (200 907 адам);
Қасым-Жомарт Тоқаев - 81,31 пайыз дауыс (6 456 392 адам);
Салтанат Тұрсынбекова - 2,12 пайыз дауыс жинады (168 731 адам).

460 484 адам не 5,08 пайыз адам бәріне қарсы жауап берген.