ОСК халықтан қорғану үшін қамал салып алды ма?

Астанадағы Орталық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратқа парламенттік сайлаудан бір ай бұрын қоршау салынған. Бұл жайтты сан-саққа жүгіртушілер бар.

Нұр-Сұлтан. NEGE. «Сіздер халықтан қоршау арқылы оқшауланып алдыңыздар. Бұл туралы тіпті, ресейлік басылымдар жазып жатыр. Оны өзіміз де көріп жатырмыз. Қоршауды қандай ақшаға салдыңыздар? Дәл осы науқанда не үшін керек боп қалды? Өткен сайлауларда қоршаусыз-ақ тұрған жоқ па еді?», – деген журналистердің сұрағына ОСК өкілдері ақталып жауап берді.

Олардың сөзіне сенсек, ғимаратты қоршау ОСК-нің қызметіне кірмейтін көрінеді. «Бұл ғимаратты ОСК және басқа да ұйымдар жалға алып отыр. Бұл біздің ғимаратымыз емес, ғимарат та, оның аумағы да біздің балансымызда жоқ», – деп жауап берді ОСК өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды