ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық мандаты туралы пікір білдірді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі Дариға Назарбаеваның депутаттық мандатын тапсырғаны туралы ақпарат бойынша пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінде Дариға Назарбаеваның өтініші туралы ақпарат жоқ. Еске салайық, бүгін БАҚ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева мандатын тапсыратыны туралы ақпарат таратқан болатын. Әдетте ондай өтініш Орталық сайлау комиссиясына түскен жағдайда комиссия отырысында қаралып ол туралы мәлімет бірден сайтта жарияланады» — деп жазылған ОСК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті