Осы айда құрғақшылық болуы мүмкін

Қазақстанның алты өңірінде құрғақшылық болады деп күтіледі. «Қазгидромет» РМК синоптиктері маусымға жасаған болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Метеорологтар мәліметі бойынша, ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес, маусымда Қазақстанның біраз аумағында ылғал жеткіліксіз болады деп күтіледі.

«Ақмола (Жақсы ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі. Төтенше жағдай Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында болуы мүмкін», – делінген хабарламада.  

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті