Өрттен қаза тапқан 5 қыздың ата-анасы ұлды болды

5 қызы бір күнде өртеніп кеткен Евгений мен Жанымгүл Ситерлердің шаңырағында ұл бала дүниеге келді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл ақпаратты фейсбук Тәңірберген Бердоңғар фейсбук парақшасында жариялады.

"Жанымгүл тіл-көз болмауы үшін аяғы ауыр екенін құпия ұстауды сұраған болатын. Бүгін олардың шаңырағында үлкен қуаныш! Дүниеге ұл келді! Сіздерді бүкіл халық болып құттықтаймыз және ұлдарыңызға Алла жар болсын дейміз! 

Қыздарыңызға деген үлкен махаббатты арқалаған абыройлы азамат болып өссін!  Шексіз махаббаттарыңыз оны барлық қиындықтан сақтасын. Өте қуаныштымыз! Бауы берік болсын", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, елді дүрліктірген оқиға 2019 жылдың 4 ақпанында болған еді. Сарыарқа ауданының Көктал-1 тұрғын жайындағы жеке үйлердің бірінде өрт шыққан еді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бір үйдің 5 қызы қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды