Өрттен 4 баланы құтқарған оқушыны Архимед Мұхамбетов марапаттайды

Қостанай мектептерінің бірінің 5-сынып оқушысы Олег Пирог Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің атынан марапатталады.

Қостанай, NEGE.   «Құрметті достар! 25 желтоқсанда Қостанай қаласындағы «Садовод» саяжайында болған оқыс оқиға туралы бәрі оқыған шығар. Бесінші сынып оқушысы Олег Пирог өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман алып қалды. Ертең Олегті ерлігі үшін алғыс айтып, өз қолымнан сертификат пен бағалы сыйлықтар тапсыруға шақырдым», - деп жазды аймақ басшысы Instagram парақшасында.,

Сондай-ақ облыс әкімі осындай ержүрек, нағыз батырды тәрбиелеген оқушының ата-анасына алғысын білдірді. «Жарайсың, Олег», – деп түйіндеді сөзін Архимед Мұхамбетов.