«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

2026 жылғы 3 наурызда Семей қаласындағы «Balapark» балалар ойын-сауық орталығында өрт орын алды. Арнайы қызметтердің жедел әрекетінің арқасында адам шығынына жол берілмеді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Алайда қала тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желісіндегі қалалық пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.

Мұндай жалған мәліметтердің таралуы тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына алып келуі мүмкін еді.

Тұрғынның жеке басы жедел түрде анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

2026 жылғы 18 наурыздағы сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша жалған ақпаратты жариялағаны және таратқаны үшін 86 500 теңге мөлшерінде айыппұлға тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді