Өртке оранған Калифорнияда Қазақстанның 73 студенті жүр

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мәлім етті.

BBC

Алматы, NEGE. Орталықтың ақпаратына сәйкес, барлық студент қауіпсіз жерде және кураторларымен байланыс орнатқан.

«Стипендия иегерлері жергілікті биліктің ұсынымдарын орындап, жағдайды жедел хабардар етіп отыр. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске дайын отырмыз», – деп жазылған хабарламада.

АҚШ-тың Калифорния штатында қазақстандық 73 стипендия иегері, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 56 адам және «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасы бойынша 17 адам білім алып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ