Өртеніп жатқан көліктен екі бүлдіршін құтқарылды

ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға куәгері көлік салонынан екі баланы құтқарып қалған.

Алматы, NEGE. 2020 жылғы 17 мамырда сағат 11.50-де Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында "Nissan-Terrano" жеңіл автомобилінің қозғалтқыш бөлігі жанды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оқиға куәгері көлік салонынан 2014 және 2015 жылы туған екі баланы құтқарды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрттің алдын ала себебі – қозғалтқыш бөлігіндегі сымның қысқа тұйықталуы. 

ТЖК мәлімдеуінше, тілсіз жау сағат 12.02-де жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 12 қызметкер және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді