Орталық сайлау комиссиясы референдум кестесін жариялады

Орталық референдум комиссиясы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға дайындықтың негізгі жеті кезеңін жариялап, саяси науқанның ресми басталғанын мәлімдеді.

ОРК баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Орталық референдум комиссиясының алғашқы отырысы басталды. 

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, республикалық референдум науқаны жеті негізгі кезеңге бөлінген. Соған сәйкес, 12 ақпаннан 14 наурыз сағат 00:00-ге дейін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамдары мен референдум учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат жарияланады. 22 ақпанда референдум комиссиялары дауыс беруге арналған тізімдерді ұсынады.

27 ақпан мен 4 наурыз аралығында азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету жұмыстары жүргізіледі. 12–14 наурыз күндері учаскелерге бюллетеньдер жеткізіледі. Ал 15 наурыз – дауыс беру күні.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр