13 ноября 2019 г. 13:09

Ортақ валюта болмайды

Фото:

Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев «Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы болмайды» деп мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл мәселе қоғамда талайдан бері әңгіме болып жүр. Тіпті жасалуы мүмкін ортақ валютаға «Алтын» деп ат қойып, айдар таққандар да болды. Осы мәселеге қатысты Е.Досаев былай деді: «Келісімде анық жазылған: экономикалық одақ құру аясында ортақ валюта жасау қарастырылмаған.  

Досаевтың сөзіне сенсек, Ұлттық банкте қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін барлық мүмкіндік бар. «ЕЭО-ға қатысушы барлық мемлекет қаржылық тәуелсіздігін сақтай алады» деді Е.Досаев.  

Тегтер: