Өрт сөндірушілердің жалақысы 70 пайызға дейін көтеріледі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы 1 қаңтардан бастап 70 пайызға дейін өсетінін айтты.
Алматы, NEGE. "Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге", - деп жауап берді министр Үкімет отырысында.
Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.
"70 пайыз - бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10 пайыз - бұл басшы құрамы үшін, бұл өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары", - деп түсіндірді Ильин.